Корона деген не және оған қатысты не істей аламын?

Коронавирус немесе корона дегеніміз – бұл адамдарға тарала және ауру тудыра алатын ұсақ микроб (ұсақтығы соншалықты, ол көзге көрінбейді). Корона вирусы құрғақ жөтел, ентігу, дене қызуының көтерілуі және дененің ауырсынуы сияқты тұмауға ұқсас симптомдарды туындатады. Корона көбіне тыныс алу жүйесіне әсер етеді. Көптеген инфекциялар қауіпті болмаса да, ол пневмонияны (өкпенің ауыр қабынуы) туындатуы және ауыр жағдайларда өлімге әкелуі мүмкін.

Коронаны кез келген адам жұқтыруы мүмкін. Егде жастағы адамдарда және тыныс жолы аурулары, қатерлі ісіктері немесе қант диабеті сияқты тағы басқа да медициналық жағдайлары бар адамдар ауыр зардаптарға көп ұшырайды.

Корона ауру адамнан басқа адамдарға, нәрселердің беттеріне немесе тағамға тыныс алғанда, жөтелгенде немесе түшкіргенде шыққан тамшылар арқылы таралады. Ол ағзаға ауыз, мұрын және көз арқылы енеді. Ағзаға енген соң ол көбейіп, дененің басқа аймақтарына тарала бастайды. Корона аурудың сыртқы белгілері пайда болғанға дейін денеде 14 күнге дейін байқатпай өмір сүре алады. Сондықтан адамдар коронаны жұқтырып, ол туралы өзі білмеуі, сонымен қатар вирусты басқа адамдарға таратуы мүмкін.

Коронаны антибиотиктер немесе үй дәрі-дәрмектері жоя алмайды. Корона жұқтырмаудың жалғыз амалы – онымен байланысудан аулақ болу және қолды жиі жуу.

Инфекцияның алдын алу үшін қолыңызды сумен сабындап жуыңыз. Қолыңызды онша ластанбаған кезде де жуып отырыңыз. 20 секунд бойы қолыңызды ағын сумен қатты ысқылап сабынмен жуыңыз, тырнақтарыңыздың астын міндетті түрде тазалаңыз, қолдарыңыздың толығымен және білегіңізді қоса жууды ұмытпаңыз. Қолыңызды сабынмен жусаңыз, қолда болуы мүмкін вирустар жойылады. Қолдарыңызды тамақ дайындауға дейін, дайындау барысында және одан кейін, сондай-ақ дәретхананы қолданған соң, тамақтануға отыруға дейін, науқас адамға күтім жасаған кезде, жануарларды немесе олардың қалдықтарын ұстаған соң, сонымен қатар жөтелген, түшкірген немесе сіңбірген соң қолыңызды әрдайым жуып отырыңыз.

Жуылмаған қолдарыңызды көзге, мұрынға және ауызға тигізбеңіз. Қолдар көптеген заттардың беттеріне тиіп, вирустарды жинауы мүмкін. Одан кейін вирустар қол арқылы көзге, мұрынға немесе ауызға өтуі мүмкін. Одан әрі вирус ағзаңызға еніп, ауру тудыруы мүмкін.

Температурасы, жөтелі немесе басқа тыныс жолы ауруының белгілері бар адамдармен тығыз байланыста болудан аулақ болу өте маңызды. Жөтелгенде немесе түшкіргенде әрдайым аузыңыз бен мұрныңызды шынтағыңыздың бүгілген жерімен немесе шүберекпен жабыңыз. Содан кейін қолданылған матаны дереу қоқысқа тастаңыз. Адамдар жүретін жерлерге түкірмеңіз.

Жөтелген немесе түшкіргендерден кемінде 1 метр (3 фут) қашықтықта болыңыз. Температурасы және жөтелі бар адамдардан аулақ болыңыз.

Егер сізге жоғары температурасы, жөтелі және ентікпесі бар адамға күтім көрсету қажет болса, міндетті түрде бет қалқанын немесе шүберек маскасын киіп, қол гигиенасын сақтаңыз.

Коронаны жұқтырмау үшін басқа адамдармен физикалық байланыста болудан аулақ болу керек. Корона және басқа вирустар қол алысу арқылы жұғып, одан кейін қолды көзге, мұрынға және ауызға тигізу арқылы жұғады. Сондықтан, басқа адамдармен кездескенде, қол алысып, құшақтасып немесе сүйісіп амандаспаңыз. Адамдармен қол бұлғау, бас изеу немесе иіліп сәлем беру арқылы амандасыңыз. Егер сіз өмір сүретін аймақта корона бар деп ойласаңыз, басқа адамдармен байланысқа түспеу үшін үйде отырыңыз.

Егер сіз өзіңізді нашар сезіне бастасаңыз, тіпті бас ауруы және мұрыннан жеңіл су ағу сияқты белгілері байқалса, сауығып кеткенше үйде болыңыз. Егер сіз түшкірсеңіз, құрғақ жөтел, ентігу болса және температура көтерілсе, дәрігерге ертерек көрініңіз, себебі бұл – тыныс жолдарының инфекциясы немесе басқа ауыр медициналық жағдайлар болуы мүмкін.

Корона туралы жалған нанымдар мен қауесеттер өте қауіпті болуы, тіпті адамдарды өлімге әкелуі мүмкін. Мысалы, зарарсыздандырғыш немесе алкоголь сияқты заттарды тұтыну коронадан қорғаудың орнына сізге зиян тигізуі мүмкін. Тіпті достарыңыздан немесе жақын отбасы мүшелерінен алған ақпаратыңыз қате немесе қауіпті болуы мүмкін. Тек жергілікті денсаулық сақтау органдарының денсаулық сақтау саласындағы нақты кеңестерін ғана ұстаныңыз.

Сіз бұл хабарламаны тарату арқылы коронаға қарсы күресуге үлес қоса аласыз. WhatsApp сияқты хабар алмасу қызметін пайдаланып, достарыңызбен және отбасыңызбен бөлісіңіз.

Бұл мазмұнды денсаулық туралы білімді тыңдау мүмкіндік беретін ғаламдық жоба – Audiopedia қамтамасыз етті. Толығырақ ақпарат алу үшін www.audiopedia.org сайтына кіріңіз.